Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ елшісі Талибанның әл-Қаидамен байланысы жоқ бөлігімен келіссөздер өткізуді қолдаймын дейді


Ауғанстандағы АҚШ елшісі Уильям Вуд ауған билігінің талибандармен келіссөздерін бастау турасында пікір айтты. Елші әңгіме тек қана талибандардың әл-Қаидамен байланысы жоқ бөлігі турасында болып отыр дейді. АҚШ елшісінің бұл пікірлері Ауғанстан билігі талибандармен келіссөздер жүргізді деп айыптаған екі шетелдік өкіл Ауғанстаннан шығарылған соң айтылып отыр. Уилям Вуд елден шығарылған дипломаттар Ауғанстан қауіпсіздігіне қатер төндіргілері келген жоқ деп атап өткен.
XS
SM
MD
LG