Accessibility links

Мысырда тұрғын үйдің құлауы салдарынан қаза болғандардың саны 35-ке жеткен


Хабарларға қарағанда, Мысырда тұрғын үйдің құлауы салдарынан қаза болғандардың саны 35-ке жеткен. Дүйсенбі күні Александрия қаласында қираған 12-қабатты үйдің астынан бүгін тағы да мәйіттер шығарылды. Ресмилердің айтуынша, құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұған дейін ол апаттан тірі қалған 3 адам құтқарылған болатын. Бұл ғимарат осыдан 25 жыл бұрын рұқсатсыз құрылған екен.
XS
SM
MD
LG