Түркіменстанда ақша айырбасына он жыл бойы тиым салынып келді. Түркіменстан азаматтары мен шетел азаматтары ақшаны жүзден аса банкте айырбастай алады. Ресми базардың бағасы қара базардың бағасымен теңесті. Мәселен, бір америкалық долларды шамамен 20 мың манатқа енді еркін сатып алуға болады. Ресми бағам осы күнге дейін үш есе төмен болған, алайда ақша айырбасы негізінен қара базарда жасалып келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
AzattyqTV