Кенияда 27 желтоқсанда президент сайлауы өтіп, сайлау бұрмаланды деген текетірестен тайпааралық бүлік шықты. Елдорет қаласында кеше шіркеу өртеліп, шіркеуді паналаған отыз шақты адам қаза тапты. "Қызыл Крест" ұйымының мәліметіне қарағанда, тайпа қақтығыстарының салдарынан соңғы күндері жүздеген адам қаза тапты, кемінде 70 мың адам босып кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі