Accessibility links

Пәкістанда парламент сайлауының 8 қаңтарда өтетіні не өтпейтіні бүгін жарияланады


Өткен аптада оппозиция басшысы Беназир Бхутто қастандықпен өлтірілген соң елде бүлік шықты, кемінде 58 адам қаза тапты. Есімі жарияланбаған ресми өкіл сайлау кейінге қалдырылады, дауыс беру күні басқа күнге белгіленеді дейді. Беназир Бхутто басқарған Пәкістан Халық партиясы мен бұрынғы бас министр Науаз Шәріп басқаратын тағы бір оппозициялық партия сайлау өз кестесі бойынша 8 қаңтарда өтсін деп отыр.
XS
SM
MD
LG