Сербия бас министрі Воислав Коштуница Косово тәуелсіздік жарияласа Еуропа Одағы не тек ғана Сербиямен, не тек ғана Косовомен қатынас жүргізуге мәжбүр болады деп мәлімдеді. Косово мен Сербия арасында жүрген келіссөзден нәтиже шықпады, Косово таяу айларда тәуелсіздігін жариялауы мүмкін. Сербия үкіметі бұған жол бермейміз деп келеді. Косово президенті Фатмир Сейдью Еуропа Одағының кезекті төрағасы Словенияның сыртқы істер министрі Димитрий Рупельге хат жолдап, Косово мәселесіне араласуға шақырды.
Воислав Коштуница Косово тәуелсіздік жарияласа Еуропа Одағы не Сербиямен, не Косовомен қатынас жүргізсін деді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV