Пәкістанда қастандықтан құрбан болған оппозиция лидері Беназир Бхуттоның партиясы БҰҰ-нан Бхутто өліміне байланысты тергеу жүргізуді сұрамақшы. Пәкістан Халықтық партиясының өкілі Фархадулла Бабардың айтуынша, Бхуттоның өліміне байланысты үкіметтің мәліметі күннен күнге өзгеруде.