Accessibility links

Ирақтағы шабуылдардан 12 адам құрбан болды


Бағдадта орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 8 адам құрбан болды. Куәгерлердің айтуынша, әлгі жанкешті Армия күнін тойлап жатқан сарбаздардың алдында өзін өзі жарып жіберген. Сөйтіп бұл шабуылдан кемінде 4 Ирақ әскері мерт болды деп хабарланып отыр. Сонымен қатар, Ирақ астанасындағы Қахира ауданында 3 адам өлтірілген, ал орталықтағы Нахда ауданында 3 жарылыс болған, оның салдарынан бір адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG