Accessibility links

Жазушы Айгүл Кемелбаева Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүздеген баланың ВИЧ індетіне шалдығуына қоғамды дендеп кеткен жемқорлықты кінәлайды


- Шымкенттегі ВИЧ мәселесі біздің барлығымыздың абыржушылығымызды, ренішімізді тудырды. Мұның бәрі айналып келгенде Қазақстандағы коррупцияның әсері деп ойлаймын. Жайылып кеткендік осыған алып келді. Өте обал. Бұл біздің медицина саласының өте нашар екендігін көрсетті. Ана ретінде баласының ВИЧ індетімен ауыратындығын есту қандай сұмдық!

Медицинаның басқару саласында бір зиялылық жоқ. Дамыған мемлекеттерде болатын үрдіс бізде де болу керек. Кез-келген бір кішігірім емхананың бастығы өзінше бір патша болып, барлық билік қолында шоғырланып отырады. Сондайдың аяғы осыған алып келді. Халықтың денсаулығы болғаннан кейін ешқандай жемқорлық пен тамыр-таныстық болмауы керек.

Қазір мысалы, осы тамыр-таныстық арқылы түкке тұрмайтын мамандар дайындап шығарылады. Олар барып халықты сорлатады. Енді айдың-күннің аманында бір селқостықтың кесірінен немесе жемқорлықтың әсерінен, біреулердің қалтасының молаюынан жүздеген бала өмірлік қайғы шегіп жатыр. Бұл бір ғана бала емес. Ертең тағы ашылуы мүмкін. Соңғы уақытта өздері есеп бермей кетті.

Бұл жерде денсаулық саласында темірдей тәртіп болу керек. Сосын қазір кейбір кадрларды шаммен іздеп жүреді ғой. Сондай мамандар өз орнында отыруы керек. Мысалы, етікші ән салмау керек деген сияқты әркім өз ісімен айналысу керек. Тамыр-таныстық ол халықтың, ұлттың мүддесіне нұқсан келтіріп жатады. Ұсақ-түйек құмарлық ірі нәрселердің аяғынан шалып жатады.
XS
SM
MD
LG