Accessibility links

Хавиер Солана Грузияда сайлау шынайы балама түрде өтті деп сипаттады


Еуропа Одағы сыртқы саясатының үйлестірушісі Хавиер Солана Грузияда сайлау шынайы балама түрде өтті деп сипаттап, құттықтау жолдады. Орталық сайлау комиссиясы 5 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесінде Михаил Саакашвили шамамен 53 пайыз дауыс жинады дейді. Оппозицияның негізгі кандидаты Леван Гачечиладзе 27 пайыз дауыс жинады. Дегенмен, ел оппозициясы мерзімінен бұрын өткен сайлау бұрмаланды дейді. Хавиер Солана Грузия үкіметін мұндай шағымның барлығын тексеруге шақырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымастастық ұйымы кейбір сайлау ережелері бұзылғанымен, сайлау негізінен әділ өтті, Грузия демократия жолында айтарлықтай алға басқанын көрсетті дейді.
XS
SM
MD
LG