Accessibility links

Кения оппозициясының басшысы келіссөзге дайынмын деді


Кения оппозициясының басшысы Райла Одинга ертеңгі күнге белгіленген наразылық жиынын тоқтатты, дауға айналған сайлау мәселесінде келіссөздерге жол берейік деді. Кения оппозициясының басшысы бұл сөзін араағайындық жасап жүрген АҚШ-тың арнайы елшісі Джендаи Фрейзермен кездескен соң айтты. Кенияда 27 желтоқсанда өткен сайлаудың нәтижесінде президент Мвай Кибаки билігін жалғастыратын болды. Сайлау дауы ұлтаралық қақтығыстарға әкелді. Кения үкіметінің бүгінгі мәліметіне қарағанда, бүлік салдарынан шамамен 490 адам қаза тапты. Дегенмен, полиция басшылары кемінде 600 адам қаза тапты дейді.
XS
SM
MD
LG