Accessibility links

Роберт Гейтс АҚШ пен Иран кемешілері арасындағы жанжал алаңдаушылық тудырады деді


АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс Иранның әскери қайықшылары мен АҚШ-тың әскери кемешілерінің арасында Ормуз бұғазында орын алған жанжал алаңдаушылық тудыратын мәселе деді. Пентагондағы ресмилердің айтуынша, жексенбі күні Парсы шығанағы мен Аравия теңізін қосатын Ормуз бұғазында, Иранның 5 кішірек кемесі 3 АҚШ кемесіне қауіп төндіріп, жарып жібереміз деп қорқытқан. Иран Сыртқы істер министрлігі бұл жанжалды әдеттегі жағдай деп атады.
XS
SM
MD
LG