Грузиядағы президент сайлауына үміткер ретінде түскен оппозиция жетекшісі Леван Гачечиладзе Орталық сайлау комиссиясы басшысының қызметтен кетуін талап етті. Гачечиладзе қаңтардың 5-і күнгі сайлаудың қорытындысы бұрмаланды деп айыптап отыр. Бастапқы ресми мәліметтерге қарағанда, президент Михаил Саакашвили 52,1 пайыз дауыс жинаған, ал Гачечиладзе шамамен 25 пайыз дауысқа қол жеткізген.