Президент Джордж Буштың Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Стефан Хәдлейдің бұл мәлімдемесінен бұрын Пентагон Иранмен арада болған жанжалға байланысты бейне және үн таспаларды жариялаған болатын. “АҚШ әскери кемелеріне Хормуз бұғазында Иранның үлкен жылдамдықтағы қайықтары келіп килігіп, әскери кемені жаратындары жөнінде қоқан-лоққы көрсетті”, - деген хабарын осылайша Пентагон растамақ болды. АҚШ-тың Хоппер атты әскери кемесі үстінде түсірілген бейне көріністе Иран қайықтарының Хопперге қалай жақындап келгендігі көрсетілген. Аудио таспада болса, АҚШ кемесін жаратындықтары жөнінде, ағылшын тілінде айтқан ескертпелері жазылған екен. Бұл оқиға жексенбіде болған-ды. Иран жағы аталған таспалар қолдан жасалған, деп отыр.