Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық кітапханасының меңгерушісі Сайлаугүл Дәулетшина ауылды жердегі кітапханалардың бүгінгі жай-күйі туралы


- Біздің аудандық кітапхана 2003 жылдан бастап Интернетке қосылған, қазір біз күнделікті жұмыста Интернетті пайдаланамыз. Жалпы, компьютер арқылы ауылды жерлерді, соның ішінде біздің ауданның Интернетке қосылуын игілікті жұмыс деп айтуға болады. Бізде қазір Интернетке үнемі қосылған екі компьютер арқылы күнделікті әр оқырманға жедел хабар алып, әлемдегі түрлі жаңалықтармен танысуына, ақпарат іздеуіне мүмкіншілік бар.

Сонымен бірге біздегі компьютерлер «Юрист» базасына қосылған. Сол арқылы іздеген адамға Қазақстандағы барлық заңдар мен оларға енгізілетін өзгерту-толықтырулар жайында ақпараттар ұсынып, қызмет атқарамыз.

Бізге келетін оқырмандар, әсіресе балалар мен жасөспірімдер Интернеттен өзіне керекті мағлұматтарды жиі алады. Кітапханамызда Интернет-класс ашылған. Аудан орталығындағы №2 орта мектептің 40 оқушысы былтырғы жылы осы Интернеттің көмегімен әр сабақтың тест сұрақтарына дайындалып, нәтижесінде түгелге дерлігі оқу грантына ие болды.

Біз қазір Интернетке Астел спутник жүйесі бойынша қосылып отырмыз, аудандық бюджеттен жылына 445 мың теңнге ақша бөлінеді. Сол қаржыны 10 айға созып пайдаланып келеміз, ал шілде, тамыз айларында ақшамыз жетпегендіктен Интернеттен ажырап қаламыз. Бұның сыртында тағы да бюджет қаржысынан жаңағы «Юрист» базасына жылына 104 мың теңге ақша бөлінеді бюджеттен.

Қазақстан бойынша барлық ауыл мектептерін Интернетке қосу мәселесі елбасының өткен жолғы жолдауында айтылған болатын. 65 мыңнан астам тұрғыны бар біздің аудан секілді шалғайда жатқан ауылды жерлерде мектептермен бірге ауыл кітапханаларын да Интернетке қосу ісі қолға алынса, сонымен бірге кітапханалар компьютерлендірілсе деген тілек бар бізде.

Қазір біздің қорымызға жаңадан келіп түсіп жатқан кітап шамалы, оған бөлінетін ақша да шамалы. Газет-журналға деп бөлінген 440 мың теңге ақша аудан бойынша 21 кітапханаға тең бөлінеді. Осы 21 кітапхана балаларға арналған бір ғана басылымды алады. Ол, әрине, бізге аздық етеді.

Сондықтан, әрбір кітапхана балалар мен жасөспірімдерге арналған газет-журналды 4-5-тен жаздырып алса артық болмас еді. Және де осы ауылдық кітапханалардың барлығы да Интернетке қосылса деген тілегімді жеткізгім келеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG