Accessibility links

Алматы тұрғыны Кенесары Қаптағайұлы мемлекеттік тілдің қазақ қоғамындағы қазіргі жағдайы мен қолданысы туралы


- Бізде ақпарат құралдарының негізгі уақытын Ресейдің тілі алып отыр, басқыншылық жасап отыр. Бізде заң өте жақсы жазылған: мемлекеттік тілдегі хабарлардың жиынтық көлемі басқа тілдердегі барлық хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауы керек. Яғни, 90-95 пайыз қазақша хабарлар берсе де заң бұзылмайды. Ал, біздегі қай каналды алып қарасаңыз да, 50/50-ге қарай жүгіреді. Олардың басшылары ойлайтын болуы керек «біз Қазақстанда көпұлттылық саясат жүргізіп отырмыз» деп. Олар, керек десеңіз, ұлтаралық қатынас деген сөзді дұрыс түсінбейді.

Ұлтаралық қатынас деп Иран мен АҚШ, Қытай мен Жапония, Ресей мен Шешенстан, Қарақалпақ пен Өзбектің арасындағы қатынасты айтуға болады. Ал біздің Қазақстанда ондай қатынас жоқ. Міне, әлгіндей әр тілде сайрағанда біз елде осы ұлтаралық қатынасты жөндеп отырмыз деп ойлайды. Олар бір нәрсені түсінбейді: Қазақстанда басқа ұлттың бар екенін мойындаса, дүниежүзілік заң нормалары бойынша, ертеңгі күні олардың автономиясын мойындауға тура келетінін ойламайды. Сондықтан бұлардың әңгімесіне де, саясатына да ешқандай көңіл толып отырған жоқ.

Дүниежүзіндегі барлық елдерде мемлекеттік тілге байланысты норма қалай болса, Қазақстанда соны жасау керек. Мысалы, Францияда француз тілі құрып бара жатқан жоқ. Ал бірақ егер сол тілде 80-90 пайыз хабар бермесе телеарнаға лицензия берілмейді. Сол секілді, өзге өркениетті елдердегідей, мемлекеттік тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметке алынбауы керек. Президенттің аппаратынан түсетін қағаз-құжаттар қай жерге барса да қазақ тілінде баруы керек, ал оған жауап та мемлекеттік тілде болуы керек. Соны істемей отыр ғой бізде!

Мемлекеттік қызметтің бәрін мемлекеттік тілге ауыстырғаннан кейін басқа салалардың барлығы – банктер, қаржы ұйымдары, салық мекемесі, кеден қызметі - соған көшеді, сонда мемлекеттік тілді білмейтін, жазып, сөйлей алмайтын адам мемлекеттік органдарға жұмысқа алынбайтын болады.
XS
SM
MD
LG