Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерттың мәлімдеуінше, Палестина мемлекетін құруды көздейтін “жол картасы” бойынша бейбіт жоспарды жүзеге асыруға Израиль әрекет етіп жатыр. Бұл туралы Олмерт қазір Таяу Шығыста сапармен жүрген АҚШ президенті Джордж Бушпен өткізген бірлескен баспасөз-маслихатында хабарлады. Алайда “террор тоқтатылмаса, бейбітшілік болмайды” деп ескертті Олмерт. Ал Буш мырза израильдіктер мен палестиналықтар бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізе алады деп үміттенетінін айтты.