Accessibility links

Грузияның қашқында жүрген оппозиция жетекшісі Иракли Окруашвили Германиядан Францияға жөнелтілді


Франция ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, Окруашвилидің Франциядан саяси баспана сұраған өтініші шешімін тапқанша ол мұнда қамауда болады. Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Окруашвили өткен қараша айында халықаралық тұтқындау талабына сәйкес Германияда ұсталған болатын. Оған Грузияда қызмет бабын асыра пайдаланды, бопсалаумен айналысты деген айыптар тағылған. Окруашвилидің президент Михаил Саакашвилиді жемқорлыққа қатысы бар деген айыптауларынан кейін Грузияда билікке қарсы шерулер мен ереуілдер өріс алған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG