Accessibility links

Иран АҚШ кемелерімен болған оқиғаны бейнелеген өз видеотаспасын жариялады


Иранның Пресс-ТВ деп аталатын ағылшын тілді арнасы жақында АҚШ пен Иран кемелері арасында болған жайтты түсірген Иран кемешілерінің видеотаспасын көрсеткен. Сейсенбі күні АҚШ қорғаныс департаменті өз видеотаспасын жариялап, ол Иран кемелері Ормуз бұғазында американдық кемелерге тым жақындап келіп, жарып жібереміз деп қатер төндірді деген айыптауларды растайды деген болатын. Иран бұны қолдан жасалған айыптаулар деп кері қаға келе, өз видеотаспасын жариялаған. Онда Иранның бақылау кемелері американдық кемешілерден радио арқылы өздерінің кімдер екендігін айтып, мақсаттарын түсіндіруді сұраған сәті бейнеленген.
XS
SM
MD
LG