Accessibility links

Жапон парламентінің төменгі палатасы Үнді теңізіндегі миссиясын қайта бастау жобасын қабылдады


Жапония парламентінің төменгі палатасы Үнді теңізіндегі АҚШ бастаған күштерге қолдау таныту миссиясын қайта бастау жөніндегі заң жобасын қабылдады. Премьер министр Ясуо Фукудо коалициясының бақылауындағы парламенттің төменгі палатасы оның алдында парламенттің жоғары палатасының жобаға кері дауыс бергенін қабылдамай, Токио кемелері алдағы айдан қалмай Үнді теңізіне қайта орала алады деп сендірген. Жапонияның теңіз миссиясы соңғы алты жыл бойы Ауғаныстандағы соғысқа тартылған күштерге материалдық-техникалық қолдау танытып келген.
XS
SM
MD
LG