ҚАРАҒАНДЫ: Қарағанды облысындағы “Абай” көмір кенішінің 23 кеншісі қаза тапты деп танылды. Кеше Қазақстанның Төтенше жағдайлар бойынша министрі В.Божко ресми түрде осылай деп мәлімдеді.
“Хабарсыз жоғалған 23 кенші – қаза тапты деп танылды. Ол туралы туыстарына хабарланды. Іздеу жұмыстары тоқтатылды. ...Өйткені, Украинадағы 110 құтқарушы қаза тапқан Засядько шахтасындағыдай қатерлі ахуал қалыптасып отыр”, - деп мәлімдеді министр.
“Арселор Миттал Теміртау” акционерлік компаниясының көмір департаментіне қарасты “Абай” кенішінде 11-інші қаңтар күні таңғы сағат 9.20-да жарылыс болып, апат кезінде жер астында 191 кенші болды.