БАҒДАД: Кеше Ирақта сүнниттердің және шийттердің саяси партиялары мен парламенттегі бірнеше тәуелсіз партия ұлттық бірлікке қол жеткізу және елдің бүкіл мұнай қорына ортақ бақылау орнату қажеттігі туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде айрықша атап көрсетілгендей, мұнай мен газ – жергілікті үкіметтердің қадағалауына берілмей, бүкіл Ирақ халқының игілігі болып қалуға тиіс. Егер осы құжатқа қол қойған саяси партиялар өзара бірігетін болса, онда Ирақ парламентіндегі 275 депутаттық орынның 100-ден астамына ие болатын басым күшке айналады.