Жиынға ондаған мың адам қатынасты. Оппозиция қаңтар айының бесінде өткен президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды, сайлаудың екінші туры өтсін дейді. Наразылық жиынын оппозиция жетекшісі, негізгі оппозициялық кандидат Леван Гачечиладзе басқарды. Еуропа мен Америка Құрама Штаттарынан келген халықаралық бақылаушылар сайлау барысында кейбір проблемалар болды, бірақ сайлау демократия талаптарына негізінен сай өтті дейді. Қортынды ресми мәліметке қарағанда, Михаил Саакашвили 53, 47 пайыз дауыс жинап, бірінші айналымда жеңді.