Accessibility links

Алматы қаласының тұрғыны Абзал Жұмабеков қазіргі Қазақстан үкіметінің тұрғын үй саясаты мен қоғамдағы түрлі әділетсіздіктер жайлы өз ойын білдіреді


- Қоғамдағы көңілім толмайтын мәселе – көптеген қара халық, әсіресе жастар баспанасыз жүр. Менің осы Алматыда тұрып жатқаныма 38 жыл болыпты. Бұл жерде айтайын дегенім – елдің болашағы саналатын жастарға көп көңіл бөлу керек. Оларға үкімет баспана бермейді екен, онда қалталарына лайық бағамен баспана салып алатын жер берсін. Қазір қарап отырсаң қалада қарапайым халық тұратын ескі үйлерді қиратып, зәулім-зәулім ғимараттар тұрғызып жатыр. Олар кімдер үшін? Мысалы, менің тұрып жатқан үйім қиратылып кетті. Ал үйім тұрған жерге берілген өтемақы тіпті мардымсыз. «Шық та шық!» деп соттап, үйімді құлатып, жерімді тартып алғандай болды. Қоғамдағы жылт еткен нәрсенің бәрі тек қалталалар үшін. Онсызда олардың жағдайының шешілгені, өздері түгілі балаларында екіден-үштен үй бар екені белгілі. Бұл - әділетсіздік! Мемлекеттік бағдарламамен баспана бергенде де тәуелсіз комиссия жұмыс істеуі керек. Олар пәтер кезегінде тұрғандардың әлеуметтік жағдайына шын зерттеу жүргізу керек. Бұл бір ғана менің тілегім емес.

Тағы бір мәселе – жастардың жұмыссыздық мәселесі. Мықты көкесі бар, бірақ дипломды оқымай-ақ сатып алғандар үлкен қызметте отырады. Кейде нағыз білімді жастардың өзіне жұмыс жоқ. Бұл да қоғамды жайлап кеткен әділетсіздіктің бір түрі. Жемқорлықпен күресу, әділетсіздікке қарсы тұру мәселесін президентіміз айтқанымен оны ешкім орындамайды.

Басың ауырып, балтырың сыздап ауруханаға бара қалсаң көмек ала алмайсың. Бәрі ақша. Мысалы, бір тісіңді емдету үшін 4-5 мың теңге ақша керек. Басында баспанасы жоқ оған менің қайтіп жағдайым жетеді? Ал бұған бақылау жасап, қара халықтың жағдайы не болып жатыр деп жатқан ешкім жоқ. Адам денсаулығынан қымбат ештеңе жоқ. Әсіресе, дүниеге ұрпақ әкелетін әйел мен баланың денсаулығы басты назарда болу керек. Кеңес одағының бір жақсы жері - ол кезде халықтың денсаулығы бірінші орында болып, ем-дом тегін жасалатын. Қазір денсаулығы жоқ адамдарға әлеуметтік мүгедектік жәрдемақы беріледі. Ал оны шын мүгедектер мен аурулар алмайды. Барлық жерді сыбайласқан жемқорлық пен әділетсіздік жайлап кеткен. Осыны бір ретке келтіретін уақыт жеткен сияқты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG