Accessibility links

Дж.Буш М.Саакашвилидің президент сайлауындағы “жеңісін” мойындады


ӘР-РИАД: АҚШ президенті Дж.Буш М.Саакашвилиді Грузияның президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігі бойынша кеңесшісі Стивен Хэдли хабарлағандай, Дж.Буш Саакашвилиге Абу-Дабиден Сауд Арабиясына ұшып келе жатқан кезінде телефон соқты. Хэдлидің сөзіне қарағанда, АҚШ президенті 5-інші қаңтардағы сайлаудың 1-інші турында М.Саакашвилидің жеңіске жеткенін тәуелсіз халықаралық бақылаушылардың растағанын атап көрсетті. Алайда грузин оппозициясы сайлаудың ресми нәтижесін мойындамай, оны өрескел бұрмаланды деп санап, сайлаудың 2-нші турын өткізуді талап етуде.
XS
SM
MD
LG