Accessibility links

Астана тұрғыны Ләйла Шамшиева Қазақстандағы әйелдер құқығына қатысты өз ойын білдіреді


- Мен отбасында жұмыс істемей тек күнделікті үйдегі шаруаны атқарып келемін. Бұған дейін күйеуімнен бірнеше рет соққы алғам. Бірақ, кейін жолдасым ішуді қойып үлгілі азамат болды. Менің пікірімше, отбасындағы жанжалдарда кейде әйел, кейде еркек қателік жасайды. Бірақ, сол ұсақ жанжалдан жақыныңды сотқа беріп, адамның тағдырын бұзып, бала-шағаның тауқыметін одан сайын көбейтуге болмайды. Одан да әйел менталитетін көтеру керек. Қазақтың заңдары бойынша, отбасында болып жатқан нәрсені сыртқа шығармайды. Меніңше, отбасындағы жанжалдар экономикалық ахуалға байланысты туындайды. Әйелдердің көбі өз отбасын бұзбас үшін зорлық-зомбылыққа шыдайды. Кейбіреуі перзенттерімізді жетім қалдырғымыз келмейді дейді.

Сосын, көп жағдайда ер адаммен бірдей жұмыс істесе де әйелдер ер адамдарға қарағанда еңбекақыны кем алады. Әйелдер тек орташа қызметтерде көп те, ал басшылар қатарында аз. Мен Қазақстанда Шығыс дәстүрін сылтауратып, әйелдерді жынысына қарап кемсіту бар деп есептеймін. Бірақ, Ислам дінінде, керісінше, әйелді силаған. Қазіргі уақытта жұмыссыз жүргендердің көбі - әйелдер. Сосын, жұмыс таппаған әйелдердің кейбіреуі жезөкше болады. Тіпті, жас қыздар ұрланып шетелге жезөкшелікке сатылып кетеді. Қарап отырсаң көп жағдайда сорлы әйел зардап шегеді. Оның барлығы белгілі жағдай, бірақ шара қолданбайтын сияқты.

Жұмыстан қысқартар кезде бірінші әйелдерден бастайды, әсіресе баласы бар әйелдерден. Бірақ, менің ойымша, қазақ әйелдері бірінші кезекте ана болуы керек. Бірақ, бұл салада да әйелге жағдай жасалмаған деп есептеймін. Мысалы, Ресейде перзент туған кезде әйелге көп көлемде ақша береді. Бізде 100 доллар береді. Бір-ақ рет, бастапқы кезде. Тіпті, перзент көтерейін десең, жұмыс берушің жаңағы декретный қаржысын төлегісі келмейді. Қысқасы, бізде әйелдің қадірін тек 8-наурыз мерекесі кезінде еске түсіреді.
XS
SM
MD
LG