Accessibility links

Абай шахтасында зардап шеккендерге өтемақы төленеді


"Арселор Миттал Темиртау" АҚ-ның сақтандырушысы болып табылатын "Евразия" сақтандыру компаниясы Абай шахтасының зардап шеккен кеншілерінің отбасыларына сақтандыру өтемақыларын төлейтінін хабарлап отыр. Осыған дейін Азаттықтың хабарларында айтылғандай, Абай шахтасындағы метан жарылысы салдарынан 30 кенші қаза тауып, жарақаттанған 14 адам Қарағанды мен жергілікті ауылдың емханадарында емделіп жатыр. 2006 жылы Миттал Стил Теміртау кәсіпорынына қарасты Ленин шахтасында жарылыс болып, 41 адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG