ТАЯУ ШЫҒЫС: Газа аймағында Израиль армиясына қарсы шайқаста Палестинаның кем дегенде 19 партизаны қаза тапты, олардың басым көпшілігі “Хамас” ұйымының мүшелері. Бұл күн - өткен жылдың жазында Газа аймағын “Хамас” тобы басып алған уақыттан бергі “ең қанды оқиға” ретінде бағаланып отыр. Израиль армиясы Газа аймағындағы соғыс операциясын “Хамас” мүшелерінің Израиль жерін зымырандармен және минаатқыштармен атқылауына бөгет қою үшін жүргізгенін мәлімдейді. Палестина лидері М.Аббас Израильден Газадағы соғыс операциясын дереу доғаруды талап етті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Көрсетілмейтін дерек
Қазақстанда күштік құрылымдардың шығыны қанша?
-
Орталық Азия азаматтары
Ресейде еңбек мигранттарына әскерден бөлек экономика да мұқтаж
-
"Саяси қудалау"
Супермарафоншы Марат Жыланбаевтың жабық соттағы соңғы сөзі