Accessibility links

Пан Ги Мун Ливанды жарылысқа жауапты адамдарды ұстап, жазаға тартуға шақырды


НЬЮ-ЙОРК: Әлем қауымдастығы кем дегенде 4 адам қаза болып, 20 шақты кісі жараланған Ливандағы жарылысқа наразылық білдіруде. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Ливан үкіметін осы қастандыққа жауапты қаскүнемдерді ұстап, жазаға тартуға шақырды. Бейрут қаласының шетіндегі жарылыс АҚШ елшілігінің автокөлігін нысанаға алған көрінеді. Бірақ полицияның мәліметі бойынша, қастандықтан бейкүнә халық құрбан болды.
XS
SM
MD
LG