Accessibility links

Қаза болған кеншілердің отбасыларына пәтер сатып алуға қаржы бөлінеді


ҚАРАҒАНДЫ: Қарағанды облысындағы “Абай” көмір кенішіндегі апаттан қаза болған кеншілердің отбасыларына баспана-пәтер сатып алуына қаржы бөлінеді. Ол туралы кеше “Қазақстан бүгін” агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі В.Божко хабарлады.

“Пәтер сатып алуға 1 шаршы метрі 1 мың АҚШ доллары есебі бойынша ақша бөлінеді. Бұл, менің ойымша, пәтер сатып алуға жетеді. Бұл қаржыны “Арселор Миттал” компаниясы бөледі”, - деп мәлімдеді В.Божко.
XS
SM
MD
LG