Таяу Шығысқа жасаған оның 8 күндік сапарының бұл соңғы күні. Шарм әл-Шейхта Буш Мысыр президенті Хосни Мубаракпен кездеседі. Буш осы сапарында Газадағы Палестина топтарына Мысыр шекараларындағы туннелдер арқылы қару тасымалын тоқтатуға көбірек күш салуға Мысырды шақырмақшы. Буш Сауд Арабиясында Абдулла патшамен сейсенбі күні кездесіп, Иранның ұмтылыстарын ауыздықтау, Израйль-Палестина бейбіт келіссөздеріне қолдау көрсету және мұнай бағасы сауалдарын талқылаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі