Accessibility links

«Рахатгейт» ісі бойынша шығарылған сот үкіміне байланысты саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтың пікірі


- Бұл соттың шығарған үкімі әділетті ме, жоқ па – оны айту қазір маған қиын. Ал ол шешім заңға, заң талабына сәйкес болды ма деген сауалға мен «жоқ, ол заң талабына толық сәйкес өткен жоқ» деп жауап берген болар едім.

Менің ойымша, жиырма жыл деген үкім өте қатал сияқты. Неге десеңіз, сотта дәлелдер толық дәлел болып көрсетілген жоқ әлі - адвокаттардың айтуы бойынша, көп мәселелердің екіталай боп жатқанын түсіндік. Ал енді мынадай өте қатал үкім шығарылуының астарында саяси себебі бар деп есептеймін.

Сот жүйесінің және құқық органдарының жүйесі тәуелсіз емес екендігін көрсетті. Бұл мәселенің барлығы Астанада шешілгенін білеміз ғой. Сонан соң, менің ойымша, бұл Қазақстаның элитасына берілген бір белгі. Ол нені көрсетті? Елбасымыз мәселе билікке келгенде, қаншама жақын болғанымен, саяси жүйені өзгертетін болмаса оған қарсы шығатын адамдар болса, оларға қарсы осындай қатал шара-шешім болатынын көрсетті.

Бұндай істер алда әлі болуы мүмкін, ал ондай болмас үшін Қазақстанда нақты демократиялық, либерализациялық өзгерістер болуы керек. Менің ойымша, қазіргі билік оған мүдделі емес, олар бұрынғы жүйені өзгертпей сол қалпында қалдыруды жөн көріп отыр. Ал соған кім қарсы шығатын болса - Әкежан Қажыгелдин, Рахат Әлиев немесе осындағы басқа адамдар болсын – оларға қарсы қысымдар болатынын көрсетті.
XS
SM
MD
LG