НЬЮ-ЙОРК: Косовоның тәуелсіздігін Сербия ешқашан мойындамайды, бірақ территориясының тұтастығы мен егемендігін сақтау үшін күш қолданбайды, дипломатия жолдармен әрекет етеді. Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Сербия президенті Б.Тадич осылай деп мәлімдеді. Ал Косовоның премьер-министрі Хашим Тачи Қауіпсіздік Кеңесінде өлке Сербиядан бөлініп тәуелсіздігін жариялауға дайын, ондай шешім таяуда қабылданады деп мәлімдеді. Ресейдің БҰҰ-ндағы елшісі В.Чуркиннің атап көрсетуінше, Косово БҰҰ-ның және халықаралық саяси құрылымдардың мүшесі болмайды. Бірақ В.Чуркин Косовоның БҰҰ-на мүше болуына Ресей вето қояды деп кесіп айтпады. БҰҰ-ның Қауіпсідік Кеңесі өзінің Косоводағы миссиясын талқылау үшін жиналды.