Accessibility links

Таяу Шығыста бітімге келу жоспарына Дж.Буш Израиль мен Палестинаға көрші елдердің келісімін алды


ШАРМ-АШ-ШАЙХ: Кеше АҚШ президенті США Джордж Буш Таяу Шығыс елдерін аралаған 8 күндік сапарын аяқтады. Соңғы күні ол Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм-аш-Шайх курортында Мысыр президенті Х.Мүбәрәкпен келіссөз өтізіп, Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру және Иранды оқшау қалдыру мәселелерін талқылады. Дж.Буш атап көрсеткендей, оның 2008-інші жылдың соңына қарай Таяу Шығыста бейбіт келісімге келуге деген жоспарын Израиль мен Палестинаға көрші елдер қолдап отыр. Сапарының барысында АҚШ президенті Бахрейн, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Израиль және Палестинада болды.
XS
SM
MD
LG