Accessibility links

Путин Болгарияға сапар жасап, мұнай құбыры жобасын итермекші


Бүгін Ресей президенті Влдаимир Путин Болгарияға екі күндік сапарын бастады. Онда күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе – газ құбырының құрылысы туралы болмақ. Қара теңіз табанымен Болгария арқылы Еуропаға газ тасымалдайтын жаңа жобаға 10 млрд доллар ұсынылған. Бұл Еуропа Одағын энергия көздеріне қатысты Ресейге тәуелділігін арттырады деген алаңдаушылық туып отыр. Еуро Одақтың жаңа мүшесі Болгария қырғи қабақ соғыс кезінде Мәскеудің айнымас одағы болған. Путин сонымен қатар Дунай өзеніндегі Болгарияның екінші атом электр стансасының құрылысы бойынша келісім шарт жасайды.
XS
SM
MD
LG