Accessibility links

Косово тәуелсіздікке дайын, Сербия оған қарсы екенін ескертті


Бүгін Сербия президенті Борис Тадич БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне:

“Сербия Косово тәуелсіздігін ешқашан мойындамайды, десе де ханымдар мен мырзалар мен қайталап айтамын, Сербия бұл тұрғыда қақтығыс пен соғысқа бармайды”, - деп айтты.

Тадич Сербия барлық демократиялық мүмкіндіктермен өзінің аймақтық бірлігі мен егемендігін қорғайды деген. Бұл арада Косово премьер министрі Хашим Тачи, Косово провинциясы тәуелсіздік жариялауға дайын, жақын арада шешім қабылдайтын болады деп мәлімдеді. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин журналистерге Косово БҰҰ-ның мүшесіне айнала алмайды деген. Бірақ, Чуркин оған тікелей Ресей кедергі болу мүмкін деп айтқан жоқ. Ресей президенті Владимир Путин Косово мәртебесі туралы қандай да бір қарар халықаралық прецедент тудырады деді. Ресей Сербияны қолдап, Косовоның бір жақты тәуелсіздігіне қарсы.
XS
SM
MD
LG