Accessibility links

Қырғыз парламенті Жоғарғы сот басшысын орнынан алды


Бүгін Қырғызстан парламенті Жоғарғы сот төрағасы Құрманбек Осмоновты қызметінен босатты. Президент Құрманбек Бакиев ұсынған ол шешімді 90 орындық парламенттегі 63 депутат қолдаған. Парламенттегі заңдық міндеттемелер және мемлекеттік құрылым комитетінің басшысы депутат Лейла Сыдықова комитет Османовты орнынан алу шешімін жергілікті 50 соттан шағым келіп түскен соң қолдап отыр деген. Өзінің тәуелсіз ұстанымымен танылған Осмонов бұл шешімнің саяси астары бар дейді. Оппозициялық Социал Демократиялық партия мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Роза Отынбаева да Осмоновтың қызметінен алынуын саяси қудалау ретінде сынады.
XS
SM
MD
LG