Accessibility links

Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген карикатураны басқаны үшін Белорус журналисі 3 жылға сотталды


Осыдан екі жыл бұрын ғ.с Мұхаммед пайғамбарды келемеждеді деген даулы суретті Белорусияның “Згода” газеті басып шығарғаны үшін газеттің бұрынғы редакторы Александр Здвижкой үш жылға түрмеге жабылды. Згода газетінің редакторы 2006 жылы карикатураны басу арқылы діни араздық тудырды деп айыпталып отыр. Оның адвокаты бұл сот үкімін Минск қалалық сотына аппеляцияға береміз деді.
XS
SM
MD
LG