Accessibility links

Президенттік сайлаулар алдында Еуро Одақ Сербияға визасыз режим ұсынбақшы


Сербиядағы президенттік сайлауға екі күн қалғанда, Еуропа Одағы сербиялықтарға одақ территориясында визасыз жүру мүмкіндігін ұсынды. Еуропалық Комиссия өкілі Фризо Роскам Аббингнің айтуынша, Еуропа Одағы бұл тұрғыда Сербиямен келіссөздер бастау жөнінде шешімге келді. Бірақ, визасыз режим қай уақыттан басталатыны туралы айтылмады. Сербияда жексенбі күні өтетін президенттік сайлауда батысшыл Борис Тадич ұлтшыл саясаткер Томислав Николичпен бәсекелесетін болады.
XS
SM
MD
LG