Қандағар провинциясының оңтүстік ауданында Ауған әскері мен НАТО күштерін нысанаға алып, жол бойына қойылған бомба жарылысынан ішінде балалар бар бес бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл жарылысқа жауапкершілікті әлі ешкім алмады. Талибан жасағы осы арады әскери күштерге қарсы жанкештілік шабуылдар жасап келген. Бірақ, әдетте ондағы құрбандардың көбі бейбіт ауғандықтар болып келеді.