Accessibility links

Израиль әскері Газа секторының шекарасын жауып тастаған соң, аймақтың негізгі электростанциясы тоқтап қалды


Мұның салдарынан Газа секторының көпшілігі жарықсыз қалды. Газа секторының қарапайым тұрғындарына азық-түлік те жетпей жатыр. Израиль үкіметі Газа секторын бақылап отырған "Хамас" тобының жауынгерлері зымыран атуды тоқтатпай қойды, шекараны жабудан басқа амал жоқ дейді. Осылайша Израиль үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиндік босқындар ісі жөніндегі агенттігі және адам құқықтарын қорғау топтары айтқан сынды қабылдамай отыр, алдымен Газа секторынан атылатын зымырандар тоқтатылсын дейді.
XS
SM
MD
LG