Accessibility links

Сербияда өткен президент сайлауының кейбір ресми қорытындылары жарияланды


Сайлаудың екінші турын өткізуге тура келетін сияқты. Мәліметтерге қарағанда, серб ұлтшылы Томислав Николич 39 пайыз дауыс алған. Оның бәсекелесі, қазіргі президент, батысшыл реформатор Борис Тадич 35 пайыз дауыс алды. Олардың ешқайсысы кемінде 50 пайыз дауыс алмаса, 3 ақпанда екінші айналымға түсу керек. Дауыс беруге 60 пайыздан астам сайлаушы қатысты, бұл өте көп делінеді. Томислав Николич пен Борис Тадичтің екеуі де Косово провинциясына тәуелсіздік берілмесін дейді. Негізінен албандар тұратын Косово провинциясы таяу апталарда тәуелсіздік жариялауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG