Accessibility links

Экономист-ғалым Айтқали Нұрсейіт елдегі тұрғын үй мәселесі жайлы ой-пікірін білдіреді


- Қазір мына жастарымыз халқымызды өсіру керек, ал ол үшін жас отбасыларына ең басты проблема – үй, баспана мәселесінен оларға қамқорлық керек. Қазір Қазақстанда үй бағасы сол аспандаған қалпы тұр.

Совет заманында хурщевка деп аталған үлкен панелді үйлер осындай баспана мәселесін шешуге едәуір көмектескен еді. Ол кезде 30 шақты үй салатын комбинаттар жұмыс істеді Қазақстанда. Қазіргі заманда соның тым болмаса бесеуін жандандырып ұстаса жөн болар еді. Ал біздегі Индустрия және сауда министрлігіне қарайтын ондай бір де бір кәсіпорын жоқ. Шетелдермен салыстырғанда біздің министрліктің құрылымы да өзгеше.

Менің ойымша, осы тұрғын үй салу саласында үкіметтің өзіне қарайтын 2-3 мемлекеттік кәсіпорын болса, олар арзандау бағамен құрылыс материалдарын үй салушылардыа, әсіресе жас отбасыларына сату ісін ұйымдастырса – бұл еліміздің болашағына, ілгері басуына үлкен септігін тигізер еді.

Мысалы, бір кездегі Алматының үй салу комбинаты қазір бірнеше жеке кәсіпорындарға бөлініп кеткен. Тек қана Алматы емес, Қарағанды, Павлодар және басқа қалаларда да солай. Сондықтан, үкіметтің шеңберінде үймен айналысатын мемлекеттік құрылым тікелей кәсіпорындарына шығатын болса. Мәселен, әлгі «Самрұқ», «Қазынаға» түсіп жатқан мемлекеттік қаржылардың 15-20 пайызы жаңағыдай тұрғын үй салуға бейімделсе, және ол Алматы мен Астана, Атырау ғана емес, басқа қалаларда жұмыс істесе, онда көп мәселе шешілер еді - әлеуметтік жағынан да, экономикалық жағынан да. Ол жерлерде үйлер салынатын болғаннан кейін оған құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар ашылып, жұмысқа адам тартылады, көлік-коммуникация және басқа салаларда жұмыс орны көбейеді, еңбекақы да пайда болады, талай адам жұмысқа тұрады дегендей.

Одан кейін мынау Шаңырақтағы проблема, осы жақында Алматының ішінде 30 отбасы тұрып жатқан жатақхана өрттен жанып кетті – осындай әлеуметтік мәселелерді шешуге болар еді.

Менің ойымша, осындай шаруаларды атқаруға толық мүмкіндік бар, оған тек қана әр сатыда отырған біздің басшылардың көңілі керек.
XS
SM
MD
LG