Accessibility links

Пәкістан президенті алдағы парламент сайлауын әділ әрі ашық өткізуге міндеттенді


БРЮССЕЛЬ: Пәкістан президенті П.Мушарраф елдегі алдағы парламент сайлауының еркін, әділ әрі ашық өтетінін мәлімдейді. Еуропаға 8 күндік сапарының алғашқы аялдамасы болған Брюссельде бүгін сөйлеген сөзінде П.Мушарраф Еуропа лидерлері Пәкістандағы қалыптасқан ахуалдың барлық қиыншылығына түсіністікпен қарайды деп атап көрсетті. Пәкістан президенті Брюссельде Еуроодақ басшылығының мүшесі Х.Соланамен, НАТО-ның Бас хатшысымен келіссөз жүргізіп, Еуропарламенттің халықаралық істер комитетінде сөз сөйлейді. “Еуропалық сапарының” барысында П.Мушарраф Францияға, Швейцарияға және Ұлыбританияға аялдайды.
XS
SM
MD
LG