Accessibility links

Ресей мен Польшаның арасындағы қарым-қатынас қайта жыли бастады


МӘСКЕУ: Польша Еуроодақ пен Ресей арасындағы келіссөзге қойған бөгетін жоюға дайын. Бүгін Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровпен Мәскеудегі келіссөзінен кейін Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский осылай деп мәлімдеді. Ол атап көрсеткендей, бұл проблема поляк премьер-министрі Д.Тусктің Ресейге 8-інші ақпанға белгіленген сапары кезінде талқынауы мүмкін. Осыдан 1 айдай бұрын Ресей поляк етінің импортына қайта рұқсат берген болатын. Өз етінің экспортына тыйым салынуы ресми Варшаваның Еуроодақ пен Ресей арасындағы келіссөзге бөгет қоюына себеп болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG