АСТАНА: Германияның ARD телеарнасының журналисі Маркус Бенсманн Астанада соққыға жығылды. “Интерфакс” агенттігінің хабарлауынша, 39 жастағы Бенсманн Қазақстанның жаңа астанасы туралы деректі фильм түсіру үшін Астанаға 19-ыншы қаңтарда келген. Сенбі күні түнде ол Астана мен Павлодарды байланыстыратын тасжолдың бойынан табылды. Соққыдан жағы сынған, миы шайқалған, тоналған және аяқ-қолы әбден үсіген Маркус Бенсманн ауруханаға жеткізіліп, полицияға хабарланған. Қазір неміс телеарнасы мен Қазақстандағы неміс елшілігі оны Германияға жеткізу мүмкіндігін қарастыру үстінде. “Интерфакс” агенттігінің хабарлауынша, полиция бұл қылмысты дереу тергеуге кірісіп, Қазақстан үкіметі оны қадағалап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV