Accessibility links

Кубаның жаңа сайланған Ұлттық Конгресі жаңа президентті сайлайды


ГАВАНА: Ф.Кастроның Кубаның басшысы болып қалатын-қалмайтыны ақпан айында белгілі болады. Өткен жексенбі күні Кубаның 1 палаталы парламенті – Ұлттық Ассамблеяның депутаттарын сайлау болып өтті. 24-інші ақпан күні депутаттар Кубаның жаңа президентін сайлауға тиіс. 81 жастағы Ф.Кастро – ауыр операциядан кейін соңғы 1.5 жылдай уақыт көпшілікке көрінбей келді. Мемлекет басшысы міндетін уақытша оның туған інісі Рауль Кастро атқару үстінде.
XS
SM
MD
LG