Accessibility links

“Хамас” ұйымының кесірінен Газа аймағы қараңғыда отыр


ТАЯУ ШЫҒЫС: Шамамен 750 мың халық мекендейтін Газа аймағы 1 тәуліктей электр жарығынсыз отыр. Палестина жағынан өзін зымырандармен атқылауға қарсы өткен жұма күні Израиль Газа аймағындағы жалғыз электр стансасына отын жеткізуге бөгет қойды. Израильдің сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Газаның халқы электр жарығы жетпей қараңғыда отырған кезде, “Хамас” ұйымының зымыран жасайтын шеберханаларына электр қуаты жетіп артылады. Израиль жағы Газа аймағының электр қуатынсыз қалуына бар жауапкершілікті “Хамас” тобына жүктеп отыр.
XS
SM
MD
LG