Accessibility links

Ирақта АҚШ армиясының тағы 2 жауынгері қаза тапты


БАҒДАД: Ирақта сенбі күнгі соғыс операциясының барысында 2 АҚШ жауынгері қаза тапты. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, елдің батысындағы Әл-Анбар облысында әскери теңізші оққа ұшса, екінші жауынгер Бағдадтан оңтүстікке қарай орналасқан Араб-Джабур ауданындағы мина жарылысынан көз жұмды. Соңғы 2 аптаның ішінде коалициялық күштердің әуе соққысынан “Әл-Қаида” ұйымының 99 нысаны жойылды.
XS
SM
MD
LG