Бірқатар басылымдар Қарағанды шахтасында қаза тапқандарды 19 қаңтарда православиялық дәстүрмен еске алу рәсімі өткенін жаза отырып, «Апат себебі неде?» деген сауалға жауап іздеп көріпті. «Айқын» газеті «Абай» шахтасын кім жарды?» деген мақаласында «Апатқа басшылардың тұспалдағанындай табиғи фактор себеп пе, жоқ кеншілер айтқандай, құрал-жабдықтың тозып бітуі, қауіпсіздіктің бақылаусыз кетуі себеп пе? Мәселені жан-жақты қарастырып отырсаң, үшінші бір себептің құлағы қылтияды. Ол - жоқтан бар жасау һәм көзбояушылық» деген жорамал айтыпты.
«Экспресс К» газеті мен «Казахстанская правда» газеттері осы қайғылы апат себептеріне байланысты әл-Фараби атындағы университеттің пофессоры Виктор Инюшинмен болған сұхбатын жариялапты. Онда Инюшин мырза «бұл апаттың себебі Қарағанды аумағындағы жер қыртысындағы тектоникалық қысымнан метан газы атқылап, оның соңы жарылысқа соқтырды. Ондай тектоникалық ауытқулар басталғанын біздің геоплазманы бақылайтын тетіктеріміз 25 қыркүйекте байқаған. Сондықтан біз алғашқы ескерту-факсты 20 қарашада, екіншісін 12 желтоқсанда жібергенбіз. Ол факсте біз 18 желтоқсаннан бастап, қаңтардың бірінші жартысы аралығында Қарағанды шахталарында метан атқылауы болуы мүмкін, ол статикалық электр зарядынан тұтану қаупі күшейеді. Қауіпсіздік техникасына мұқият болу туралы ұсыныс айтамыз деп жазғанбыз» дейді профессор.
Бірқатар басылымдар олимпиада тақырыбын екшелепті. «Егемен Қазақстан» «Олимпиада алауы мен Отанымыздың жалауы» атты мақалада Бейжин олимпиадасының алауы наурызда Грекияда тұтанып, әлемнің 22 қаласын басып өтетіні, ал сол алау Қазақстаннан өткенде оны кімдер алып жүретіні туралы жазса, «Жас алаш» газеті грек-рим күресiнен Қазақстан құрамасының бас бапкерi Таңат Сағындықовпен сұхбатын жазыпты. Онда бапкер Бейжин олимпиадасына алты палуан апармақ ниеті барлығын айтыпты.
Сондай-ақ «Жас алаш» газеті «Қажыгелдин Қазақстанға келуге қам жасап жатыр» деген мақаласында «Дәл қазiр елiмiзде ұзын-ырғасы Әкежан Қажыгелдиннiң Қазақстанға оралуына рұқсат берiлсiн дегенге саятын қоғамдық науқан басталып та кеттi. Кейбiр деректерге сенсек, бұл науқанның бастамашысы – «Қаһар» жастар қозғалысы. Бүгiнгi күнi осы талап-тiлекке қол қоюшылардың саны 200 мыңнан асқан көрiнедi» дей келіп, мақала авторы: «Жалпы, бiз өз басымыз Ақорда мен Әкежан Қажыгелдиннiң арасында жасырын келiсiм болуы мүмкiн екенiн жоққа шығармаймыз. Бiрақ бұл құпия келiсiмнiң орындалуы қалай болады, соған күдiгiмiз бар» дейді. Сондай-ақ мақала авторы өз ойын: «Егер Әкежан Қажыгелдин Қазақстанға оралып, билiктi ұдайы қолдап отырса (Бигелдi Ғабдуллин сияқты), онда – Ақорданың ұтқаны. Ал ендi Әкежан Қажыгелдин Қазақстанға оралған соң, бұрынғы тәуелсiз қалпын сақтаса ше? Онда оппозиция күрт күшейедi. ...Мұндай жағдайда Әкежанның Қазақстанда жүруi билiк үшiн өте тиiмсiз әрi аса қауiптi. Билік Қажыгелдиннiң Қазақстанға оралуын тиiмсiз деп тапса, онда бұл мәселенi әдеттегiдей сөзбұйдаға салып, созалаңдатып, аяғын сиырқұйымшақтатып жiберетiн шығар...» деген болжаммен аяқтайды.
Ал Рахат Әлиевтың үстінен аяқталған сот процесіне байланысты материалдарын бірқатар басылымдар прокурорға сауалмен жалғастырыпты. Ол сауалдар «Прокурор ұрланған азаматтардың тірі емес екенін қашан білген?», «Шынымен Алматы ішкі істер департаменті ұрланғандардың мәйіттері қала маңындағы күлтөкпеде екеніне сенімді ме?» «Егер олай болса неге онда іздестіру жұмыстары жүрмей жатыр?», т.б.
«Время» газеті қақаған аязға қарамай Алматыда «Верный.кз» құрылыс компаниясына алданған тұрғын үй үлескерлерінің қала әкімшілігінің алдында митингі өткізгенін жазса, «Литер» газеті мемлекеттің Алматы үлескерлеріне көмекке шамамен 167 миллиард теңге қаржы бөліп, бірқатар құрылыс компанияларын қолдайтыны туралы жазыпты. Сонымен қатар «Литер» Талдықорғандағы өз құқықтарын қорғамақ боп ереуілдеп, арты сотқа тартылып жатқан тәнін сатушы қыз-келіншектердің талабына халықаралық жезөкшелер ұйымы қолдау білдіріп отырғанын жазыпты.